Мұнай - химия - шикізат шырмауынан шығу жолы - Материал - Өнеркәсіп, Өндіріс - Файлдар - Обмен рефератами
Воскресенье, 20.05.2012
Меню сайта
Материал
Автоматтандыру [2]
Биология, Зология, Анатомия, Медицина [16]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [6]
Информатика [21]
Математика [5]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [12]
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) [6]
Психология, Педагогика [0]
Саясаттану [0]
Спорт [0]
Стандартизация, Сертификция [0]
Статистика [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Физика [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Химия [0]
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құрылыс [0]
Құқық, Криминалистика [0]
Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін [0]
Әлеуметтану [7]
Өнеркәсіп, Өндіріс [21]
Іс жүргізу [1]
Форма входа
Логин:
Пароль:
По алфавиту
  • Рефераты
  • Курсовые работы
  • Дипломные работы
  • Материалы
  • База » Файлдар » Материал » Өнеркәсіп, Өндіріс

    Мұнай - химия - шикізат шырмауынан шығу жолы Материал
    [ Обменять ] [ Скачать ] 15.04.2010, 11:54
    Мұнай - химия - шикізат шырмауынан шығу жолы [6 бет] 
    Қазақстан экономикасының мұнай мен газ экспортына бағыныштығынан шығу жолындағы әрекеттері былтырдан көріне бастады. Баспасөз беттерінде әлсін-әлсін шығып жатқан мағлұматтарға қарағанда, бұл бағыттағы үкіметтің қимылдары отандық және халықаралық сарапшыларға ішкі және сыртқы мұнай-химия нарығын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мемлекет қарамағындағы «ҚазМұнайГаз»-ға жүктелген нақты тапсырыстардан көрінеді. Бұл тапсырыстар алдыменен совет заманынан қалып, өткен оншақты жылда төзіп, күйреу жағдайына жеткен елдегі химия кәсіпорындарын қайта қалпына келтірумен қатар, мұнай-химия саласындағы аса маңызды жаңа жобаларды жүзеге асырумен байланысты. 
    Химия нарығында зерттеу жұмыстарымен айналысатын американдық «Chemical Market Associates Inc.» (CMAI) мәлімдері бойынша, полистиролдың дүние жүзілік тұтыну көлемі жылына 14,4 млн тоннаға тең, соның ішінде, Батыс және Шығыс Европа тұтыну көлемі 3,5 млн тонна құрастырады. Ең ірі тұтынушы Азия елдері, олардың үлесі жалпы көлемнің 30%-на жуық . 
    Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдерінде қалыптасқан полистирол пластиктерінің тұтыну көлеміндегі негізгі үлесін соққыға төзімді полистирол құрайды – 51 %, акрилонитрилбутадиенстиролды сополимерлер үлесі – 20 %, көбіктенетін полистирол -18 %, жалпы қолданыстағы полистирол – 9 %, және сополимерлер үлесі 2 % құрайды. Бұл пластик нарығындағы қаптама материалдар мен жылу өткізбейтін материалдар қалыпты сұраныста екендігін байқатады. Сарапшылардың болжамы бойынша 2010 жылға дейін дүние жүзіндегі тағамдық қаптама нарығы 3,5 есе арта түсуі күтілуде.
    Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері мұнай-химия өндірісін дамытуға Қазақстанда толық мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларындағы шикізат көздері, мұнай мен газ қорлары және дүниежүзі мен аймақтық нарықтағы полимер өнімдеріне күннен-күнге өсіп келе жатқан сұраныс көлемдері осыған дәлел болмақ. 
    2005 жылдың 18 наурыз күні Алматыда мұнай-химияны дамыту тақырыбында өткен I конференциясында қазақстандық ғалымдар тобы мен қатысты мекемелердің өкілдері осы саланы дамыту мәселелерін терең талқылаған болатын. Ірі мұнай өндіруші елдердің қатарындағы Қазақстанның көмірсутегі шикізат өнімдерін әрмен қарай мұнай-химия өндірісінде өңдеуден өткізуге талпыну өте орынды. Қазақстан өкіметі құлдыраған кәсіпорындарды қалпына келтіріп, жаңадан өндіріс көздерін құруға үміт артып отыр. Бұл энергетика және минералды ресурстар дайындаған 2015 жылға дейінгі мұнай-химия және химия салаларын өркендету бағдарламасында қомақты орын алды. 
    Совет өкіметі заманында мұнай-химия өнеркәсібі жалпы одақтық өндіріс шеңберінің бір бөлігі ретінде салынып, басым көпшілігі негізінде ресейлік шикізаттарды өңдеп, дайын өнімдері бүкіл Совет елінің сұраныс нарығына бағытталған болатын. Кейіннен, экономикалық және өндірістік қарым – қатынастардың үзілу салдарынан, қазақстандық мұнай-химия кәсіпорындары шикізат тапшылығы мәселесіне тіреліп, басым көпшілігінің 60 %-дан аса өндіріс қуаттары тозу – қажалуға жетіп, өндірісін тоқтатуға мәжбүр болды.
    «Nexant Ltd» атты консалтингілік компаниясының бағалауынша, Қазақстанның мұнай-химия саласын құрудың бас жоспарын 15 жылда іске асыру үшін 7 млрд доллар қаржы қажет. Осыншама ұзақ мерзімді және қомақты қаржының қажеттігі, елде жаңадан оншақты химия кешендерін салып, оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықтаумен қатар, совет заманынан қалған іске асатын зауыттарды қайта қалпына келтіру. «Nexant LTD» сарапшылары қосымша қаржылардың қажет болу мүмкіндігін ...







































































    Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс
    Просмотров: 575
    Поиск
    Скачать
  • Дипломные работы
  • Друзья сайта
  • Рефераты на казахском
  • Казахстанские рефераты
  • Статистика

    Онлайн всего: 2
    Гостей: 2
    Пользователей: 0
    © 2008-2011 www.referat-obmen.kz - Студенческий Портал Обмена Рефератами
    Создать сайт бесплатно