Абылай хан - Реферат - Қазақстан тарихы - Файлдар - Обмен рефератами
Воскресенье, 20.05.2012
Меню сайта
Реферат
Автоматтандыру [2]
Биология, Зология, Анатомия, Медицина [29]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [52]
Информатика [70]
Кедендік іс [1]
Математика [2]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [37]
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) [8]
Психология, Педагогика [62]
Саясаттану [12]
Спорт [2]
Стандартизация, Сертификция [1]
Статистика [4]
Тіл ғылымы, Филология [12]
Тарих [43]
Туризм [4]
Физика [13]
Философия [11]
Халықаралық қатынастар [17]
Химия [8]
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық [192]
Қазақстан тарихы [128]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [101]
Құқық, Криминалистика [44]
Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін [98]
Әлеуметтану [14]
Өнеркәсіп, Өндіріс [20]
Іс жүргізу [2]
Форма входа
Логин:
Пароль:
По алфавиту
  • Рефераты
  • Курсовые работы
  • Дипломные работы
  • Материалы
  • База » Файлдар » Реферат » Қазақстан тарихы

    Абылай хан Реферат
    [ Обменять ] [ Скачать ] 17.03.2010, 07:41
    Абылай хан [15 бет]
    Абылай, Әбілмансұр 1711 Оңтустік Казақстанда, Арыс жағасында туған. Қазақтың аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшысы және дипломат. Тарихта үш жүздің ханы ретінде танылған дарабоз тұлға. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнибек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болды. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлтбақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлиханның баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» де ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Аблайдың 13 жасар кезі болса керек.
    Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетің, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс Бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетай жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай хан 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұнқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 – 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жылдар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегенінің өзінде де, Аблайдың 1730-33 ж. болған бір ірі шайқасына қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жонғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болды. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Аблайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қаблеті 30 – 40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінеді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Аблайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т. Б. Қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім ...
    Категория: Қазақстан тарихы
    Просмотров: 1531
    Поиск
    Скачать
  • Дипломные работы
  • Друзья сайта
  • Рефераты на казахском
  • Казахстанские рефераты
  • Статистика

    Онлайн всего: 6
    Гостей: 6
    Пользователей: 0
    © 2008-2011 www.referat-obmen.kz - Студенческий Портал Обмена Рефератами
    Создать сайт бесплатно