А.И.Тевкелев Петербург елшісі - Реферат - Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін - Файлдар - Обмен рефератами
Воскресенье, 20.05.2012
Меню сайта
Реферат
Автоматтандыру [2]
Биология, Зология, Анатомия, Медицина [29]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [52]
Информатика [70]
Кедендік іс [1]
Математика [2]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [37]
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) [8]
Психология, Педагогика [62]
Саясаттану [12]
Спорт [2]
Стандартизация, Сертификция [1]
Статистика [4]
Тіл ғылымы, Филология [12]
Тарих [43]
Туризм [4]
Физика [13]
Философия [11]
Халықаралық қатынастар [17]
Химия [8]
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық [192]
Қазақстан тарихы [128]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [101]
Құқық, Криминалистика [44]
Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін [98]
Әлеуметтану [14]
Өнеркәсіп, Өндіріс [20]
Іс жүргізу [2]
Форма входа
Логин:
Пароль:
По алфавиту
  • Рефераты
  • Курсовые работы
  • Дипломные работы
  • Материалы
  • База » Файлдар » Реферат » Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін

    А.И.Тевкелев Петербург елшісі Реферат
    [ Обменять ] [ Скачать ] 16.03.2010, 11:54
    А.И.Тевкелев Петербург елшісі [7 бет]
    Алексей Иванович Тевкелев - Россия Сыртқы істер коллегиясының құпия істер жөніндегі тілмашы, елші. 1722 ж. Парсы жорығы кезінде Петр І-нің құпия істер жөніндегі аға тілмашы болды. Тевкелев парсы, қалмақ тілдерін, олардың әдет-ғұрыптарын жақсы білді. 1731 ж. Тевкелев Россияға қосылу жөнінде Санк-Петербургке келген Әбілхайыр ханның елшілігімен келіс сөз жүргізді. 1731ж. 14 қаңтарға дейінгі «Күнделігін» Сыртқы істер коллегиясына тапсырды. Онда қазақтардың тарихы мен этнографиясы жөнінде көптеген деректер бар.
    1731 жылғы 19 ақпан - императрица Анна Иоанновна Әбілхайыр ханға және «бүкіл қазақ халқына» олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды.
    Кіші жүздің Россияға қосылуы туралы қазақтарға хабарлау үшін және оларға ант қабылдаттыру үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде қазақ даласына А. И. Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберілді. Тарих А. Тевкелевтің миммиясын талай ғасырлар бойына қалыптасқан орыс-қазақ байланыстарын юридикалық тұрғыдан тұжырымдау жөніндегі Россия үкіметінің акциясы ретінде куәландырды; мұның өзі Қазақстанның Россияға ерікті түрде қосылуы туралы халықаралық праволық актіге қол қою арқылы жүзеге асырылды. Бұл орыс мемлекетінің XVIII ғасырдағы аса ірі және маңызды дипломатиялық қадамдарының бірі болды.
    А. И. Тевкелевтің елшілігімен бірге Қазақ даласына Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған қазақ елшілері де оралды.
    А. И. Тевкелев үшін талдап жасалған нұсқау Әбілқайырды және басқа да қазақ билеушілерін Россия қоластына қарауға ант бергізуді талап етті. Егер Әбілқайыр немесе басқа қазақ билеушілерінің қайсыбірі, мүмкін бәрі бірге ант беруден бас тартатын жағдай туған ретте орыс елшісі оларды осыған көп діруі, яғни өзінің миссиясын жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге тиіс болатындығы қарастырылды. А. И. Тевкелев сондай-ақ Россияға ерікті түрде аманаттар жіберткізуге уәкілдік алды.
    А. И. Тевкелевке күн сайын «Журнал» жүргізіп отыру, оған көргендерінің бәрінен алған әсерлерін жазып отыру жүктелді. Ол неғұрлым қолайлы қатынас жолдарын анықтауға, жер бедерін суреттеуге, қалалардың, тұрақтардың, көші-қон орындарының санын, халық санын, олардың айналысатын кәсібін, тұтынатын дінін, малының санын, хандардың өз қоластындағылармен қарым-қатынасын, хандықтардың шекараларын, көршілес халықтармен және елдермен қарым-қатынасын, сауданың жайын анықтауға тиіс болды. Елшілікке көмекке геодезистер, А.Писарев пен М.Зиновьев қосып берілді.
    Тевкелевтің елшілігі жолда екі айдай болғаннан кейін 1731 жылғы 4 шілдеде Уфаға келіп, осында оған бірнеше башкұрт старшиндары, қосшы 60 адам, 200 жылқы мен 12 түйе косып берілді.
    1731 жылғы 22 тамызда Сүйіндік орыс елшілігінін басшысына Әбілқайырдың хатын берді, онда ол Россия қоластына қабылдануына өзінің келісетінін растады. Әбілқайырдың елшісі А. И. Тевкелевке Хиуа ханы (Әбілқайырдың немере інісі) мен Бұхара ханы да Россия мемлекетінің құрамында болғысы келеді дегенді ауызба-ауыз хабарлады, бұл хабарды Россия елшісі Сыртқы істср коллегиясына 1731 жылдың 26 тамызда жеткізді.
    Қазақтардан орыс қоластына кіру жөнінде ант алу мақсатында өзіне орыс елшілігінің жіберілгені туралы хабарды Қыдырияс Моллақаевтан естігеннен кейін Әбілқайыр өзінің ауылдарымен А. И. Тевкелевті қарсы алуға шықты. Елшілікті қарсы алу және күзету үшін хан өзінің үлкен баласы Нұралы сұлтан мен Батыр сұлтан бастаған 200 жауынгері бар отряд жасақтады.
    Ырғыз өзенінің жағасына қонған Әбілқайырдың ордасына А.И.Тевкелев 1731 жылдыд 5 казанында Нұралы сұлтан бастаған құрамында 200 қазақ бар...
    Категория: Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін
    Просмотров: 456
    Поиск
    Скачать
  • Дипломные работы
  • Друзья сайта
  • Рефераты на казахском
  • Казахстанские рефераты
  • Статистика

    Онлайн всего: 6
    Гостей: 6
    Пользователей: 0
    © 2008-2011 www.referat-obmen.kz - Студенческий Портал Обмена Рефератами
    Создать сайт бесплатно