Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы - Реферат - Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін - Файлдар - Обмен рефератами
Воскресенье, 20.05.2012
Меню сайта
Реферат
Автоматтандыру [2]
Биология, Зология, Анатомия, Медицина [29]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [52]
Информатика [70]
Кедендік іс [1]
Математика [2]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [37]
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) [8]
Психология, Педагогика [62]
Саясаттану [12]
Спорт [2]
Стандартизация, Сертификция [1]
Статистика [4]
Тіл ғылымы, Филология [12]
Тарих [43]
Туризм [4]
Физика [13]
Философия [11]
Халықаралық қатынастар [17]
Химия [8]
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық [192]
Қазақстан тарихы [128]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [101]
Құқық, Криминалистика [44]
Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін [98]
Әлеуметтану [14]
Өнеркәсіп, Өндіріс [20]
Іс жүргізу [2]
Форма входа
Логин:
Пароль:
По алфавиту
  • Рефераты
  • Курсовые работы
  • Дипломные работы
  • Материалы
  • База » Файлдар » Реферат » Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін

    Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Реферат
    [ Обменять ] [ Скачать ] 16.03.2010, 11:55
    Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы [7 бет]
    Абай Құнанбайұлы
    Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы (10.8.1845-1904) қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Бұрынғы Қарқаралы дуанына (округ) қарасты Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ күзегінде туған. Руы – Арғын ішіндегі Тобықты. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы сол маңайдағы руларының ішіндегі бойының, биінің, беделді адамының бірі болған. Патша үкіметі оны 19 ғасырдың орта тұсындағы бір сайлауда Қарқаралы дуанының аға сұлтандығына бекіткен. Абай Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туады. Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының шешендік , әзіл – ажуамен атағы шыққан манигар тобының қызы екен. Ұлжаннан Тәкежан (Тәңірберді), Абай, Ысқақ, Оспан деген төрт ұл туады. Абайдың «Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ» деуі сондықтан. Абайдың шын аты – Ибрахим; кейінен шешесі еркелетіп «Абай» деп кеткен.
    Құнанбай өте діншіл болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ ауылдарының арасына кең тарай қоймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан; намаз, ораза, зекетсияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын , татардын молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған. Сондай қожамолдаларды өз аулында да ұстап, өз балаларын, оның ішіндегі Абайды Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3 – 4 жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлемінде «мүтәкәллимин» аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүниетану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның өкім болады. Соның медресесінде 4 жыл оқыған Абай араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысып, соларға еліктеп қысқыша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семейде Абай ұзақ бола алмайды. Сол кезде әкімшілік жұмысынан қол үзуге айналған, тек дінмен шұғылданып, мекеге қажылыққа баруға дайындалған Құнанбай ел басқару істеріне келешекте өзінің орнын басады деп дәмеленіп , Абайды 13 жасында оқудан шығарып , қасына алады.
    Жастайынан ел басқару іске араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргішілері, әнші – күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Өздері ұтымды, билік шешімдері тұжырымды болады. Ел ішінде осындай өнерімен танылған Абай 70 жылдардың бас кезінде Тобықты руындағы Қоңыр көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады. «Заманды қой жан билемек» деп өзі айтқандай, би және болыс болған күндерінде Абай сол заманның ...
    Категория: Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін
    Просмотров: 1584
    Поиск
    Скачать
  • Дипломные работы
  • Друзья сайта
  • Рефераты на казахском
  • Казахстанские рефераты
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    © 2008-2011 www.referat-obmen.kz - Студенческий Портал Обмена Рефератами
    Создать сайт бесплатно