| Реферат |
| Автоматтандыру [2] | | Биология, Зология, Анатомия, Медицина [29] | | География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [52] | | Информатика [70] | | Кедендік іс [1] | | Математика [2] | | Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [37] | | ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) [8] | | Психология, Педагогика [62] | | Саясаттану [12] | | Спорт [2] | | Стандартизация, Сертификция [1] | | Статистика [4] | | Тіл ғылымы, Филология [12] | | Тарих [43] | | Туризм [4] | | Физика [13] | | Философия [11] | | Халықаралық қатынастар [17] | | Химия [8] | | Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық [192] | | Қазақстан тарихы [128] | | Қоршаған ортаны қорғау, Экология [101] | | Құқық, Криминалистика [44] | | Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін [98] | | Әлеуметтану [14] | | Өнеркәсіп, Өндіріс [20] | | Іс жүргізу [2] |
|
|
Абайдың ақындық сыны Реферат
| [ Обменять ]
[ Скачать ]
| 16.03.2010, 11:56 |
Абайдың ақындық сыны [5 бет] Абай қазақ халқының тұрмыс – халіне жіті қарап, өз бағалауын хатқа түсіріп отырған, ақындық шығармаларының да дені елінің қаракетін сипаттап, сын көзінен өткізгенін аңғартады. Ұлы ақынның сыншылдығын міншілдігі деп түсінбеуіміз керек. Абайдың сыны әр тарапты, әрі ауқымды: адамның мінез – құлқын ғана сынамайды, қоғамдық, әлеуметтік, әдеби де өнерлік, ғылыми, ұстаздық болып келеді. Алдымен ұлт мінезін қатал сынайды: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз...» - дейді жиырма төртінші сөзінде. Міне, ұлы ойшылдың арманы – осылай асқақ, көксеуі - күрделі, сыны – сындарлы. Ақынның сыншылдығын, негізінен, үш салаға даралаймыз: 1. Әлеумет өміріне, замана көзқарасы. 2. Өнер мен әдебиетке, ғылымға көзқарасы.. 3. жеке адамның мінез – құлқын адамшылық, имандылық, ұстаздық тұрғысынан бағалауы... Абай елдің тұрмыс – халін, өз тұсының халық ұғымы тұрғысынан талдап түсіндіреді. Қайғысы не десең, мақалдарынан танисың: «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», « Малының беті – жарық, малсыздың беті – шарық», «Елдің малы – елде, еріккенде - қолда» т.б. Мақал – мәтелдер ел тұрмысы, адам өмірінен туған қисынды даналық десек, Абай ұлттық, дәстүрлік ой – пікірдің қисынына сүйене отырып, қалыптасқан теріс өнегені сынға алады. Сол сияқты ақын алтыншы сөзінде тағы бір мақалға мән беріп, мазмұнына талдау жасайды: «Өнер алды – бірлік, ырыс – алды тірлік». Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлігі ат ортақ. Киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян? Ағайын құрмай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес, малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бұл бірлікке, « өңкей келісім сылдырап тұрған» бірлікке жету үшін адам санасының өте жоғары болатынына меңзеп отыр. Абай өз ортасында ойшылдығы, сыншылдығы мен соншалық жоғары: сол тұстың әкімдерін, құрылысын әжуалап, мысқылдап, керек десеңіз, әшкерелеп те отырады. Өлеңінде «Болыс болдым мінеки, бар малымды шығындап» деп күлкіге айналдырса, ғақлиясынан да сол күлкінің зілін көреміз. «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ». Ел арасын бұзатын, пара алып байыған пасықтарды Абай басқа шығармаларында да әшкерелейді. Өз тұсындағы әлеуметтік құрылысқа наразылығы Абай шығармаларында үнемі жүріп отырады. Бұдан біз ұлы ақынның демократ бағытында көреміз. «Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» - деп... Үш бидің біреуін таңдап алып, яки жеребемен сайлап алып, жүгінсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді». Ақынның осы ойының өзінде талғау, таңдау, әділеттікті таңдау бар. Бірақ сол таңдаулы жақсының жауы – зұлым, сұрқиялар да бар екенін аңғартады: «Күшті жықпай, бай жеңбек әуел бастан... жаны аяулы жақсыға қосамын деп әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» Адал адамның күншіл әрі сұм дұшпаны қасында жүргеннің ашық – айқын айтып беріп, ақын риясыз шыншылдығын танытады. Төңірегінде бай, кедей ғана емес «Қу, білгіш» атанғысы кеп жүрген арамза әрі арсыз адамдар бар екенін ақын аяныш білдіре сипаттап, әрдайым әділдік пен шыншылдық жайында екенін ел – жұртына жария қылады. Ақының күйініш – сүйінішін көңіл – күйіне орай деп білсек, сыршылдығы мен сыншылдығын да сол тұрғыдан түсініп, солай бағалаған ләзім, «Қажымас дос халықта жоқ, айнымас серт қайда бар? Алда көрген артта жоқ , мысқыл, өсек айла бар...?». «Кімге достық көп еттім, Түбі болды бір кейіс» өлеңнің бұл жолындағы реніш адамдар арасындағы қарым – қатынас, шынайы көріністерден туған. Абай қазақ тұрмысы, қазақтың мінез –құлқы хақында да көп өлең жазып, әр тұрғыдан сыр айтқан. Әсіресе, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арманында» жалқылай да, жалпылай да бөлек сынап, мінеп бағады. Тағы бір өлеңіндегі «Берекесі кеткен ел, суы ашыған батпақ көл» деген бейнелі жолдары да осы оның түйінінде туса керек. Абай «Қазақ» деген сөзді «Ұлт» немесе ел мағынасында қолданады. Қазақ қоғамындағы келеңсіздіктерді, сорақы сипат, содыр қылық оғаш мінездерді сынағанда «Тез жанында қисық ағаш жатпас»деген тұрғыда, қайтсем елімді жетілдірем, көркейтсем деген ниетпен жанашырлық ұлтжандылықпен сынаған. Абайдың көркемдік, әсемдік, сұлулық тұрғыда санауы - өз алдына бір жүйе, көркемдік талғамы, қалыптасқан көзқарастан туған қисынды, тұжырымды ойдың жемісі. Абайдың...
|
| Категория: Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін
|
| Просмотров: 542
|
|
|
| Статистика |

Онлайн всего: 5 Гостей: 5 Пользователей: 0 |
|