Абайдың махаббат лирикасы - Реферат - Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін - Файлдар - Обмен рефератами
Вторник, 22.05.2012
Меню сайта
Реферат
Автоматтандыру [2]
Биология, Зология, Анатомия, Медицина [29]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [52]
Информатика [70]
Кедендік іс [1]
Математика [2]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [37]
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) [8]
Психология, Педагогика [62]
Саясаттану [12]
Спорт [2]
Стандартизация, Сертификция [1]
Статистика [4]
Тіл ғылымы, Филология [12]
Тарих [43]
Туризм [4]
Физика [13]
Философия [11]
Халықаралық қатынастар [17]
Химия [8]
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық [192]
Қазақстан тарихы [128]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [101]
Құқық, Криминалистика [44]
Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін [98]
Әлеуметтану [14]
Өнеркәсіп, Өндіріс [20]
Іс жүргізу [2]
Форма входа
Логин:
Пароль:
По алфавиту
  • Рефераты
  • Курсовые работы
  • Дипломные работы
  • Материалы
  • База » Файлдар » Реферат » Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін

    Абайдың махаббат лирикасы Реферат
    [ Обменять ] [ Скачать ] 16.03.2010, 11:56
    Абайдың махаббат лирикасы [21 бет]
    Махаббат сарындары, сұлулық сымбаты.

    Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат-өзгешелігі жағынан да сан алуан. «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»— ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды елең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлең деуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді. Мұны елеңнің соңғы шумағынан әсіресе айқын байқаймыз:
    Бүл қылған зарым
    Барса жардың маңына,
    Ол — қылған дэрім
    Ғашығымның жанына,
    Оңалдырып ойды,
    Түзетпей ме бойды?
    Мұңды сарынды мазмұн-мағынасы да, құрылыс-қалпы да айрықша күрделі өлең — «Сен мені не етесің?». Ол ғашық жарға арналып айтылған, сезім иірімдері мол, нағыз психологиялық монолог түрінде құрылған. Өлеңде ғашығын сарғая күткен жігіттің (лирикалық кейіпкердің) аласұрған жүрегінің толқыны, сүйгеніне жалынып-жалбарынған, күдіктенген, күдер үзген сезім күйі — әр сөздің айтылуынан да, өлең тармақтарының құбылмалы өрнекті ырғағынан да сезіліп түрғандай:
    Шын ғашьщ мен саған!
    Кейіп жүрсем,
    Сені көрсем,
    Ләм-мим деп
    Бір сөз айтар
    Хал жоқ,
    Еріп кетер бой сол заман.
    Ойыңды сен маған
    Бір бөлмедің,
    Тез келмедің
    Мені іздеп,
    Ішінде ыстық
    Қан жоқ,
    Тас бауыр жар, бол қош-аман!
    Абай «Ғашықтық, қүштарлық пен — ол екі жол» деген өлеңінде:
    Сенен артьщ жан жоқ деп ғашық болдым,
    Мен не болсам болайын, сен аман бол,—
    десе, «Сен мені не етесің» өлеңінде:
    Серт бузғанның, біл, орны — шоқ,—
    дейді.
    Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны деуге лайық. Біріншісінде ақын (айтушы) адал сезімін білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің (өлеңдегі жинакталған лирикалық кейіпкердің) ғашығына, сүйгеніне мені тастап басқамен мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп қимастықпен айтқаны байкалады.
    «Сен мені не етесің» өлеңіндегі әр шумағы үзынды-кысқалы он төрт тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай езі де басқа өлендерінде қолданбайды.
    Жастардың, көпшіліктің айтуына лайыктап жазған өлеңдерін ақын кең тараған жеті-сегіз буынды, немесе, алты буынды өлшеммен шығарған. Олар — әнге салып айтылатын «Айттым сәлем, қаламқас» («Жігіт сөзі» деп те айтылады), «Көзімнің карасы» секілді өлеңдер.
    «Жігіт сөзі» («Айттым сәлем, қаламқас») мен «Кыз сезі» («Қиыстырып мақтайсыз») бір-біріне жалғас жазылғаны, бүларды қатарынан бір-біріне қоса алып карастыру лайық екені осы өлеңдердің мазмүнынан да аңғарылады. «Жігіт сөзі» ғашық қызға арнап айтылғав сәлем хат түріндегі елең болса, «Қыз сөзі» соған жауап» өлең екені анық. Олай болса, «Қыз сезі» өлеңінің со« ңында келетін мына шумақтар:
    Мүны жаздым ойланып,
    Ойда бардан толғанып.
    Кірсе ішіңе оқи бер,
    Бозбалалар, қолға алып.
    Мүны оңыса кім танып,
    Жүрегіне от жанып.
    Сөзді үғарлык, жан тапса,
    Айтса жарар эн салып.
    Өлең жиған тырбанып,
    Ән үйренген ырғалып,
    Сорлы Көкбай қор болды-ау,
    Осыншадан қүр қалып,—
    осы екі өлеңнің екеуіне де қатысты дей аламыз. Сонда Абайдың «бозбалалар қолға алып» оқысын дегенін ғашығыңа хат жазсаңдар, осындай қылып...
    Категория: Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін
    Просмотров: 1270
    Поиск
    Скачать
  • Дипломные работы
  • Друзья сайта
  • Рефераты на казахском
  • Казахстанские рефераты
  • Статистика

    Онлайн всего: 5
    Гостей: 5
    Пользователей: 0
    © 2008-2011 www.referat-obmen.kz - Студенческий Портал Обмена Рефератами
    Создать сайт бесплатно