Экожүйе экологиясы - Реферат - Қоршаған ортаны қорғау, Экология - Файлдар - Обмен рефератами
Пятница, 21.11.2014
Меню сайта
Реферат
Автоматтандыру [2]
Биология, Зология, Анатомия, Медицина [29]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [52]
Информатика [70]
Кедендік іс [1]
Математика [2]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [37]
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) [8]
Психология, Педагогика [62]
Саясаттану [12]
Спорт [2]
Стандартизация, Сертификция [1]
Статистика [4]
Тіл ғылымы, Филология [12]
Тарих [43]
Туризм [4]
Физика [13]
Философия [11]
Халықаралық қатынастар [17]
Химия [8]
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық [192]
Қазақстан тарихы [128]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [101]
Құқық, Криминалистика [44]
Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін [98]
Әлеуметтану [14]
Өнеркәсіп, Өндіріс [20]
Іс жүргізу [2]
Форма входа
Логин:
Пароль:
По алфавиту
  • Рефераты
  • Курсовые работы
  • Дипломные работы
  • Материалы
  • База » Файлдар » Реферат » Қоршаған ортаны қорғау, Экология

    Экожүйе экологиясы Реферат
    [ Обменять ] [ Скачать ] 17.03.2010, 07:31
    Экожүйе экологиясы [4 бет]
    1. Биоценоз –(грек тілінен bios -өмір, koinos –жалпы ортақ) қоршаған ортаның бірдей жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. «Биоценоз» ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К.Мебиус (1825-1908) ұсынды.
    Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан, тірі және өлі компоненттерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір комплекстер түзіледі.
    Белгілі бір дәрежеде бір текті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік –биотоп (грек тілінен аурылғанда topos-орын) деп аталады. Егер биотопта биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға болады.
    Кез-келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары делңгейдегі биологиялық жүйе –биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» ұғымын 1940 жылы В.Н.Сукачев ұсынған.
    В.Н.Сукачев (1980-1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген –«жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары бір текті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттерд ің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасумен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық». «Биогеоценоз» ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А.Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз –зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижелсінде бір тұтас ретінде тіршілік ететін кез-келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.
    Кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша «Биогеоценоз» ұғымының мазмұны негізінен зерттеліп отыратын макрожүйенің құрылымдық сипаттамасын берсе, ал «Экожүйе» ұғымы ең алдымен оның функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның бір бөлігі, тұтас орман, космос корабілінің кабинасы, ландшафт және бүкіл биосфераның өзі мысал бола алады. Жалпы алғанда биогеоценоз экожүйеге қатысты жекеден жалпыға қарай қатынаста болады.
    Табиғи экожүйелер көлемі бойынша әр түрлі болуы мүмкін: су қоймасы, мұхит, шалғындық, орман, тайга, дала.
    Экожүйе –ағзалармен абиотикалық ортадан, олардың әр қайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасумен байланысты.
    Ағзалар бейорганикалық ортадан химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Бейорганикалық орта тірі ағзалардан олардың метоболизмінің (зат алмасуы) өнімдері туралы ақпарат алады. Тірі ағзаларда бір-бірімен азық қорының ...
    Категория: Қоршаған ортаны қорғау, Экология
    Просмотров: 3741
    Поиск
    Скачать
  • Дипломные работы
  • Друзья сайта
  • Рефераты на казахском
  • Казахстанские рефераты
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    © 2008-2011 www.referat-obmen.kz - Студенческий Портал Обмена Рефератами
    Создать сайт бесплатно