Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы - Реферат - Қоршаған ортаны қорғау, Экология - Файлдар - Обмен рефератами
Среда, 16.04.2014
Меню сайта
Реферат
Автоматтандыру [2]
Биология, Зология, Анатомия, Медицина [29]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [52]
Информатика [70]
Кедендік іс [1]
Математика [2]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [37]
ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) [8]
Психология, Педагогика [62]
Саясаттану [12]
Спорт [2]
Стандартизация, Сертификция [1]
Статистика [4]
Тіл ғылымы, Филология [12]
Тарих [43]
Туризм [4]
Физика [13]
Философия [11]
Халықаралық қатынастар [17]
Химия [8]
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық [192]
Қазақстан тарихы [128]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [101]
Құқық, Криминалистика [44]
Әдебиет, Өнер, Мәдениет, Дін [98]
Әлеуметтану [14]
Өнеркәсіп, Өндіріс [20]
Іс жүргізу [2]
Форма входа
Логин:
Пароль:
По алфавиту
  • Рефераты
  • Курсовые работы
  • Дипломные работы
  • Материалы
  • База » Файлдар » Реферат » Қоршаған ортаны қорғау, Экология

    Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Реферат
    [ Обменять ] [ Скачать ] 17.03.2010, 07:26
    Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы [13 бет]
    - Құрылған уақыты - 1976 жылғы тамыз айы.
    - Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын
    құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған.
    - Әкімшілік орналасуы:
    Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі 3304,5 метр (Ақсу- Бас тауы).
    Табиғи жағдайы:
    - Физикалық- географиялық сипаттамасы (табиғи аймағы, климаты, гидрологиясы, негізгі ландшафттары, геологиясы, топырағы):
    Қорық Оңтүстік Сібір тауларының құрамына кіретін Оңтүстік Алтай тауларының шегінде орналасқан. Таулармен және Орта Азияның шөлді және жартылай шөлді аймақтарымен, Қазақ даласымен және орманды даламен шекаралас орналасқан Марқакөл көлі үнемі олардың әсерін сезінеді және олардың әрқайсысының өзіне тән табиғаты қорықтың табиғатында да өз көрінісін тапқан.
    Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Алтайдың табиғат кешенін, сондай- ақ бірегей альпі өзені Марқакөл көлін табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Марқакөл- Алтайдың ірі су қоймасы. Көл созылған сопақша формалы, солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Су жинайтын бассейнінің көлемі 1180 кв. км құрайды. Көлдің ұзындығы- 106 км, ені- 6-19 км, ауданы- 455 кв. км, жағалауының ұзындығы- 106 км, көлдің орташа тереңдігі- 14,3 метр, максималды тереңдігі- 24-27 метр. Көлдің шарасында 6,5 кубометр су жиналған.
    Марқакөл көлінен басқа қорықтағы негізгі қорғау объектілері, олар – Солтүстік Сібір таулары үшін қалыпты болып саналатын биік таулы ауданның балқарағайлы, самырсынды және шыршалы ландшафтары; Марқакөлге ғана тән майқан, хариус, талмабалық, теңгебалық түршелерінің жергілікті бірегей балықтар әлемі, құрамына біздің республикамызда, тіпті дүние жүзінде сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлердің көптеген қатары кіретін бай және сан алуан құстар мен сүт қоректілер.
    Марқакөл көлінің пайда болуы альпілік тектоникалық циклдің ширек ғасырлық кезеңіндегі мұз дәуірімен байланыстырылады. Ол дәуірде жоғары көтерілулер мен жарылулардың нәтижесінде қазіргі жоталар мен тауаралық ойпаттардың өзіндік жүйелері пайда болды. Олар кейіннен мұз қатулардың әсеріне ұшырады. Мұның іздерін Күршім жотасының су айырықтарынан анық байқауға болады. Марқакөл көлінің қазаншұңқырына орташа таудың бөлшектенген, сүйір шыңды, тік беткейлі тау бедері тән. Тау беткейлері терең өзен алаптарымен кесіп өтілген. Күршім тау жоталарына таңқаларлық тау ...
    Категория: Қоршаған ортаны қорғау, Экология
    Просмотров: 5420
    Поиск
    Скачать
  • Дипломные работы
  • Друзья сайта
  • Рефераты на казахском
  • Казахстанские рефераты
  • Статистика

    Онлайн всего: 3
    Гостей: 2
    Пользователей: 1
    Rafaelsic
    © 2008-2011 www.referat-obmen.kz - Студенческий Портал Обмена Рефератами
    Создать сайт бесплатно